Date of publication: 08.11.2023 08:23
Date of changing: 08.11.2023 08:23

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы»» пилоттық жобаның мерзімі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады.

Бұдан басқа, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысының күші жойылуына байланысты пилоттық жоба шеңберінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі қолданылады.

Бұл Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14781250 ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 3 қарашада орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 17 қарашаға дейін.

Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес ассоциацияларды және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.