Date of publication: 08.11.2023 08:22
Date of changing: 08.11.2023 08:22

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде API бойынша және МемСТ Р 34.10-2015 (МемСт 2015)  кілттері үшін веб-порталда сәйкестендіру әдісі өзгертілгенін еске салады. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартының МемСт 2015 криптографиялық стандартына көшуіне және RSA алгоритімінде сәйкестендіру кілтінен бас тартуға байланысты болып отыр.

       Бүгінгі күні ЭШФ ақпараттық жүйесінде сәйкестендірудің екі әдісі (ағымдағы және жаңа) қолданылады.

     Сәйкестендірудің өзгертілген (жаңа) әдісі ЭШФ ақпараттық жүйесінде қолданыстағы https://esf.gov.kz:8443 және тестілеу https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 серверлерінде қол жетімді.

     Ағымдағы сәйкестендіру әдісін қолдау мерзімі бұрын 2023 жылғы

25 қарашаға дейін 
ұзартылған болатын.

      2023 жылғы 26 қарашадан бастап ағымдағы аутентификация әдісі МемСТ 2015 кілттерінің жаңа форматы үшін GOST алгоритімінде қол жетімді болмайды. ЭШФ ақпараттық жүйесінде аутентификациясының ағымдағы әдісі ескі МемСТ 2004 форматындағы RSA алгоритміндегі кілттер үшін ғана қол жетімді болады.

     ЭЦҚ кілттерін қайта шығарудың қажеті жоқ, МемСТ 2015 криптографиялық стандартына көшу күні туралы ҚР ҰКО сайтында және ресми телеграмм каналдарында қосымша хабарланатын болады.

     Осыған байланысты, ЭЦҚ жаңа форматына көшкенге дейін Сіздердің есепке алу жүйелеріңізді реттеуді аяқтау қажет екенін еске саламыз.