Date of publication: 07.11.2023 09:55
Date of changing: 07.11.2023 09:55

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының күші жойылды деп танылуына байланысты Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 2 және

3-тармақтарын, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2 және 3-тармақтарын іске асыруға әзірленді.

Бұл Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14777906  ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 2 қарашада орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 16 қарашаға дейін.