Date of publication: 19.01.2017 15:38
Date of changing: 19.01.2017 15:40

    Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IV «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді мұнай өнімдерін өндiрушiлер 2017 жылғы 1 қантарынан бастап, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер 2018 жылғы  1 қантарынан бастап  резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары  арқылы міндетті түрде өткізуілері қажеттігі туралы хабарлайды.

    Сонымен қатар Заңның 8 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы бұйрығы бекітілген.

    Мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз (БЕА) не БЕА-дан айналып өтіп өткізуі және (немесе) жөнелтуі үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын хабарлаймыз:

      -әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1177 қаулысыменен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторы болып белгіленгенін хабарлаймыз.