Date of publication: 18.01.2017 18:36
Date of changing: 18.01.2017 18:38

    Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2017 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылы атқарған жұмыстары мен 2017 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбында брифинг өткізді.

    Брифингке Департамент басшысының орынбасары Ерлан Ролланұлы Өмірзақов және Департамент басшысы орынбасарларының міндетін атқарушылары  Сағадат Әбдезқызы Палванова, Самат Базарханұлы Қойбақов және БАҚ өкілдері қатысты.

    Брифингте 2016 жылдың қорытындысы, 2017 жылға қойылған міндеттер туралы айтылды.

    Брифинг соңында қатысушылар БАҚ өкілдерінің Евразиялық экономикалық Одақ туралы, жария ету туралы, салық және кеден заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы және басқа да сұрақтарға жауап берді.