Date of publication: 31.10.2023 18:05
Date of changing: 31.10.2023 18:05

   Қазақстанда ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі аяқталды. Биыл мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 2 млн.астам қызметкері (мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері және т.б.), сондай-ақ олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-нысан) алғаш рет ұсынды.

     Декларациялардың 98 пайызы электрондық түрде ұсынылды.

     Айта кету керек, егер азаматтар декларациядағы мәліметтерді қате немесе толық көрсетпесе, онда олар үш жыл ішінде активтер мен міндеттемелер туралы «қосымша» декларацияны ұсына алады.

     2023 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынғаннан кейін, 2024 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыруға тиіс екендігіне назарларыңызды аударамыз.