Date of publication: 25.10.2023 23:30
Date of changing: 25.10.2023 23:31

Республика күні - бүгінгі таңда Қазақстанның басты және жалғыз ұлттық мерекесі.

     Мереке 25 қазанда атап өтіледі. Бұл еліміз үшін тарихи күн. Дәл осы күні еліміздің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

     Декларация қабылданғаннан кейін Қазақстан өзін тәуелсіз, құқықтық мемлекет, халықаралық құқықтық қатынастардың дербес субъектісі ретінде жариялады,  Қазақстанның жеке аумағы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті және еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілді.

    Сондай-ақ, құжатта аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары бекітілді.

    Республика күніне орай Қазақстанның аймақтарында мерекелік концерттер, шығармашылық байқаулар, патриоттық, волонтерлік, қайырымдылық акциялары өткізіліп, флешмобтар және басқа да

іс-шаралар ұйымдастырылуда.

    Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!

   Сіздерге Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін өркендеу мен жаңа жетістіктер тілейміз! Жаңа шыңдар бізді үлкен жетістіктерге жетелей берсін!