Date of publication: 25.10.2023 23:27
Date of changing: 25.10.2023 23:28

    Республика күніне орай Қонаев қаласында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының ресми ашылу құрметіне арналған салтанатты шараcы өтті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Талғат Баеділов,   мемлекеттік органдардың басшылар мен басқа да құрметті қонақтар қатысты. Бұл Алматы облысының орталығында биыл пайдалануға беріліп жатқан алғашқы ғимарат.

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілген болатын. 

     «Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру аясында, қыркүйек айынан бастап Департаменттің жеке құрамы жаңа облыс орталығына келді.

Облысымыз қайта құрылғаннан кейін Департаменттің штаттық саны 196 адамды құрады. Уақытша қиындықтардан қорықпай, Қонаев қаласына 105 қызметкеріміз қоныс аударды. Жыл бойы біз қызметкерлердің құрамын тынымсыз толықтырумен болдық. Бүгінгі таңда, Департамент қызметкерлерінің штаттық нақты саны 163 адамды құрайды. Біз нәтижеге ұмтылған, бірлігі жарасқан үлкен командаға айналдық», -  деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Құлмұханбет Исақов.

     Департамент қызметкерлерінің жаңа ғимаратта орналасып, бірлескен үйлесімді жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күнде жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуде.