Date of publication: 19.10.2023 10:25
Date of changing: 19.10.2023 10:26

  Салықтық әкімшілендіруде жаңа цифрлық шешімдерді (электрондық шот-фактуралар, тәуекелдерді басқару жүйелері) енгізу тәуекелді мәмілелерді мониторингілеу және анықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік берді.

     Осылайша, ЭШФ мониторингі шеңберінде барлық мәмілелер бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шығарылған жеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі.

     Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары шаралар қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде мәмілелердің жалғандығын тану туралы сотқа талап-арыз береді.

     Сотқа талап арыз берілгенге дейін салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарына шақырылады, онда «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен мәмілелер бойынша барлық мән-жайлар қаралады, қорытындысы бойынша сотқа жүгіну туралы шешім қабылданады.

      2022 жылдан бастап соттар 4,7 мың мәміленің немесе қаралған талап арыздардың 79% жалғандығын мойындады.

     2022 жылдан бастап осындай мәмілелер бойынша барлығы 56,2 млрд.теңге сомасында салық, оның ішінде тексеру нәтижелері бойынша 42,6 млрд. теңге өндіріліп алынды.

     Тексерусіз дербес 13,6 млрд.теңге, оның ішінде камералдық бақылау хабарламалары бойынша – 4,3 млрд. теңге өндіріліп алынды. Бірқатар салық төлеушілер салықтарды хабарлама жіберілгенге дейін немесе тексеру тағайындалғанға дейін тыңдау рәсімі бойынша дербес төлегенін атап өтеміз.

     Ағымдағы жылғы 9 айда тексеру барысында салық төлеуден жалтарудың әртүрлі схемалары анықталды, олардың қорытындысы бойынша бюджетке

125 млрд.теңге өндіріліп алынды, бұл әкімшілендіру бойынша барлық түсімдердің 20%-дан астамын (600 млрд. теңге) құрайды.

     Сонымен қатар, салық төлеушілер тарапынан осы мәселе бойынша наразылық пен бірқатар ұсыныстар бар, оларды мемлекеттік кірістер органдары түрлі алаңдарда талқылауда.

   Осыған байланысты салықтық әкімшілендіру әдістері тиісінше жетілдірілетін болады және мемлекет пен бизнес мүдделерінің тепе-теңдігін ескере отырып, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жақсаратын болады.