Date of publication: 10.10.2023 17:59
Date of changing: 10.10.2023 18:00

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 1-бабы 1-тармағының 106) тармақшасы мен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобаның мақсаты 2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес келтіру, оған сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» деген сөздер алынып тасталды, сондай-ақ 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын талаптар алынып тасталды және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 1-бабы 1-тармағының 106) тармақшасына сәйкес келтіру «мүгедек» термині «мүгедектігі бар адамдарға» ауыстырылғаны болып табылады.

Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 10 қазанда https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14744695 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Бұйрықтың жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы  24 қазанға дейін.