Date of publication: 22.04.2015 17:47
Date of changing: 23.04.2015 09:18

                                         Аман болыңдар,  аталарым!

 

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының соғыс ардагеріне құрмет көрсетті.

        Өткен тарихымызда телегей теңіздей терең, ұмытылмастай оқиғалар бар. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысы. Дәл бүгінгідей мамыражай бейбіт күнге жеткеніміз сол соғыста ерлік көрсеткен ардагер батырларымыздың арқасы екеніне дау жоқ.

       Жылдар жылжыған сайын ардагер батырларымыздың қатары сиреп барады. Ауданымызда бүгінгі таңға олардың екеуі ғана қалды. Көненің көзі, батырдың өзі саналған ардагерлерімізге құрмет көрсету баршамыздың перзенттік парызымыз болса керек.

       Сол парыздың өтеуі шығар, өткен жұма күні Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрдос Тойбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Аса ауылының тұрғыны Састай Көркембаевтың үйіне арнайы атбасын бұрып, қоларба тарту етті. Гүл шоғын ұсынуды да ұмытпады.

       Ризашылық танытқан ардагер: – Үкіметке, облыс, аудан басшыларына рахмет. Жуырда ғана облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев Тараз қаласындағы «Бәйтерек» мөлтек ауданынан пәтер кілтін қолыма ұстатты. Аудан әкімі Рүстем Рысбайұлына, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетовке де рахмет. Үйге келіп, жағдайымды сұрап тұрады, мамандарын жібереді. Енді, міне, Нұрдос балам келіп, сый-сияпат жасап отыр. Құрмет деген осы шығар, – деді алғысын жаудырып.

 

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы