Date of publication: 19.07.2023 17:45
Date of changing: 19.07.2023 17:46

«Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы» 2023 жылғы 04 шілдедегі № 739 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық), 2023 жылғы 01 маусымдағы ҚР Премьер-министрінің № 90 Өкімін орындау мақсатында, орталықсыздандыру бойынша шаралар жүзеге асыру шеңберінде жобаланған.

Сонымен қатар, көрсетілген нормативтық-құқықтық актіні қабылдау, 2023 жылғы 19 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының әкімшілік реформаларының сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституцияларының заңдарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және 2023 жылғы 19 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының әкімшілік реформаларының сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалары актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына байланысты жүзеге асырылған.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 14-1) және  14-2) тармақшаларын толықтырылуына байланысты, ҚР Қаржы министрлігіне осы Бұйрықты дайындауға тапсырылған.

Көрсетілген нормативтық-құқықтық актінің мақсаты, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаның (эксперименттің) шеңберінде, кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін айқындауы, тауарлар санатының бөлуі, іске асырушы өңірлерді белгілеу, сондай-ақ техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін бекіту.

Сонымен бірге, аталған Бұйрық «Ашық нормативтік құқықтық актілері» интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14606392 2023 жылғы 13 маусымында қоғамдық пікір үшін орналастырылған. Сонымен қатар, 2023 жылғы 04 шілдедегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің № 739 бұйрығы әділет органдарының заң сараптамасының қортындысы бойынша мемлекеттік тіркеуден өтіп, 2023 жылғы 17 шілдесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интернет ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған.