Date of publication: 22.04.2015 16:58
Date of changing: 22.04.2015 16:58

          Елбасымыз Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету акциясы іске асуда.

           Жария ету туралы  заң негізіндегі көлеңкелі экономикамен күрес – ол экономиканы сауықтыру міндеттерін шешудегі мемлекет қабылдайтын бүтіндей бір шаралар кешені екені мәлім.

         Бұл бағытта тек қана заңды қатаңдату  және санкциялар арқылы қаржы тартуға талпыныс  жасау сыңаржақ  қадам болатындықтан, мемлекет ынталандырушы тәсілдер қолданады. Рақымшылық жасау мен жария ету осындай шаралардың бірі болып табылады.

         Егер рақымшылық жасау ұғымы белгілі бір заң  бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатуды  білдірсе, жария ету  қылмыссыздандыру мақсатында  заңдық күшіне енгізуді және  ресми тануды білдіреді.

         Еліміздің Тәуелсіздігінің ішінде Қазахстан  Республикасы  ішкі капиталды экономикаға  тартуда  бай тәжірбиеге ие болды. Жария етудің негізгі міндеті әркезде де экономикаға көлеңкелі капиталды тарту және мүлікті заңдастыру болып келді және солай болып қала береді.

         Мүлікті жария ету мемлекет  алға қойған бірнеше мақсаттарды көздейді.

1.     Ел аумағында орналасқан мүлікке ие  болу құқығын заңдастыру болып  табылады. Бұл міндет қолайлы әлеуметтік ахуалға  жағдай жасап, тіркелген мүлік банктерде  және басқа жағдайларда кепілге қоюға мүмкіндік беретіндіктен  халыққа айтарлықтай көмек көрсетеді.

2.     Заңды айналымнан шығарылған ақшалай қаржыны экономикаға тарту болып табылады.

3.     Жаппай декларациялауға дайындау және шетелдерде мүлкі бар салық төлеушілерді есепке алу.

     Бүгінде жүріп жатқан жария етудің басты мақсаты - ол экономиканы әртараптандыруға инвестор  болу және қатысу мүмкіндігін бере отырып, халықтың  жасырын активтерін экономикалық айналымға тарту.

        Жария етудің үшінші толқынын жүргізу барысында  бұрынғы дәл осындай  акциялардың тәжірбиелері, сол  сияқты, өзге елдерде жария етуді жүргізудің озық  мысалдары ескерілетін болады.

        Қазіргі кезде күшінде тұрған заңнамалар арқылы мемлекет инвестициялаудың төмендегідей құралдарын  ұсынып отыр. Мәселен, жария ету субъектілерінің ұлттық холдингтердің, банктердің, даму институттарының облигацияларын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың активтерін,  «Халықтық ІРО» акцияларын сатып алуларына болады.

        Бүгінгі күнге Жамбыл облысы аумағында 8 475,1 млн. теңгенің  сыртында 2 122  тұлғаның мүлкі жарияланды.

        Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жария ету субьектілерін құқық қорғау  органдары тарапынан заңсыз қудалауға қатаң бақылау  орнату мәселесі де қарастырылуда.

        Шетелдерде орналасқан мүлікті жария  ету-аталған   іс-шаралардың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Алайда біздің облысымызда жария етілуге тиісті мүлік үшін әліде өтініш түспеген.

      Көптеген қазақстандықтардың алыс шетелдерде, сол сияқты, жақын шетелдерде де жылжымайтын мүліктерінің бар екені еш құпия емес.  Дегенмен, жаппай декларациялауды енгізу  қарсаңында біз үшін шетелдердегі біздің азаматтарымыздың мүліктеріне қатаң  есеп жүргізу аса қажет екені  атап өтілуде.

    2017 жылдан басталып жаппай декларациялауда ондай мүліктерді міндетті  түрде декларациялау шарасы қарастырылатын болады. Ол жағдайда жария етілген мүліктер бойынша  оның қайдан шыққандығы туралы барлық мәселелер іс жүзінде күн тәртібінен алынып тасталады. Мұндай  мүлікке ие адамдарға құқық қорғау органдарының  да, мемлекеттік кіріс органдарының да субъектілерге қатысты ешқандай сауалдары туындамайды.

       Осыған байланысты баршаңызға аталмыш акцияның мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға және Отанымыздың игілігі үшін осы шараларға белсенді түрде  ат салысуға шақырамын.