Date of publication: 05.06.2023 09:33
Date of changing: 05.06.2023 09:33

      Балалар мен ересектер арасында, әсіресе жаздыгүні, балмұздақ жоғары  сұранысқа ие.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде тәтті десерт – балмұздаққа байланысты қызықты фактілермен бөлісті.

      Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстан  910,8 мың АҚШ доллары сомасына салмағы 234,2 тонна балмұздақ экспорттады. Үшінші елдерден (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) 1 852,9 мың АҚШ доллары сомасына 432,8 тонна импортталды.

      Соңғы 3 жылда балмұздақ экспорты 4 832,3 мың АҚШ доллары сомасына 1 217,8 тоннаны құрады (2020 жылы – 284,8 тонна, 2021 жылы – 367,9 тонна, 2022 жылы – 565,1 тонна), импорт - 1 686,6 тонна, сомасы 6 453,2 мың АҚШ долларын құрады (2020 жылы – 263,1 тонна, 2021 жылы – 215,2 тонна, 2022 жылы – 1 208,3 тонна).

      Қазақстандық балмұздақтың негізгі сатып алушысы Өзбекстан болып табылады (2020 жылы – 221,6 тонна, сомасы 872,3 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 285,7 тонна, сомасы 1 052,5 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 400,7 тонна, сомасы 1 580,5 мың АҚШ долл.). Сондай-ақ, отандық балмұздақ Моңғолияға, Әзірбайжанға, Түрікменстанға және Тәжікстанға жіберіледі.

      Бірақ елімізде шетелдік балмұздақ жоғары сұранысқа ие: Франциядан  (2020 жылы-167,5 тонна, 702,1 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 110,5 тонна, сомасы 448,2 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 168,7 тонна, сомасы 815,2 мың АҚШ долл.), Швейцариядан (2020 жылы – 34,6 тонна, сомасы 286,6 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 59,4 тонна, сомасы 481,9 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 77,2 тонна, сомасы 630,3 мың АҚШ долл.) және Түркиядан ( 2020 жылы – 2,4 тонна, сомасы 14,8 мың АҚШ долл., 2021 жылы – 7,6 тонна, сомасы 34,2 мың АҚШ долл., 2022 жылы – 911,5 тонна, сомасы 2 483,7 мың АҚШ долл), сондай-ақ импорттаушылардың қатарында  –  Украина, Испания, Италия, Корея және Бельгия бар.

      Сонғы жылы, әсіресе, елімізде Түркия елінен әкелінген балмұздақ жоғары сұраныста.

      Қазақстанда ағымдағы жылдың 4 айында Түркиядан (266,8 тонна, сомасы 944,0 мың АҚШ долл.), Литва (70,7 тонна, сомасы 304,6 мың АҚШ долл.), Франция (49,8 тонна, сомасы 376,8 мың АҚШ долл.), Швейцария (15,0 тонна, сомасы 136,6 мың АҚШ долл.), Иран (10,6 тонна, сомасы 1,2 мың АҚШ долл.), сондай-ақ Украина (11,3 тонна, сомасы 55,0 мың АҚШ долл.) және Италиядан (8,6 тонна, сомасы 34,7 мың АҚШ долл.) әкелінген балмұздақ сұранысқа ие.

       Ескертпе: материал Қазақстан Республикасының үшінші елдермен (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) кедендік статистикасы негізінде дайындалды. Сомасы – декларацияланған кедендік құн негізінде, салмағы – нетто пайдаланылды.