Date of publication: 24.05.2023 11:05
Date of changing: 24.05.2023 11:06

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы шеңберінде өткізу пунктеріндегі өткізу қабілетін арттыру және қазақ-өзбек шекарасында жүктер мен көлік құралдарының тасымалдау процесстерін оңтайландыру бойынша шаралар қабылдануда.

    Қазақ-өзбек шекарасына баруымен Мемлекеттік кірістер комитеті, Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құрамында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.



    Ағымдағы жылдың 23 мамырында жұмыс тобы көршілес мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдарымен жедел жиын өткізді.



     Мәселесі күрделі аймақтар тізбесі түзілді, сондай-ақ Тараптармен шекарадағы кептелістер бойынша проблемалы аспектілері жедел шешу бойынша тиісті кешенді іс-шаралар қабылдады.



      Атап айтқанда, көліктер ағымын қайта бөлу жүзеге асырылды (олардың айтарлықтай көлемі реконструкцияланған «Б. Қонысбаев» өткізу пунктіне жолданды), өткізу пунктері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, шекара арқылы автокөліктердің өтуі бойынша бақылау операцияларын жылдам жасау үшін кеден бекеттерінің штаты қайта жасақталды. Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы жүктерді шығару үшін тәулік бойы жұмыс режиміне көшті.



     Қос бағытта жүктер мен көлік құралдарын қабылдауды арттыру және шекарада бақылау операцияларын жылдам жүргізу бойынша көрші тараптың мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізілді (кеден, шекара және басқа да қызметтер).



     Жұмыс тобы жақын күндері барлық өткізу пунктерінің жұмыс барысын екі тараптан да бақылайтын болады.



     Үкімет тапсырмасын орындау шеңберінде, Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пунктерінің өткізу қабілетін және тауар айналымын арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.



     Еске салсақ, маусымдық кезеңге байланысты, а.ж. мамыр айынан бастап Қазақстанға Өзбекстаннан жеміс-жидек өнімдерін әкелу дәстүрлі түрде ұлғайған (оның ішінде Ресей Федерациясына тразитпен жөнелтіледі). Бүгінгі таңда, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 3 кеден бекетімен тәулігіне орта есеппен 900-1000 жүк көлік құралы өткізіледі («Б. Қонысбаев» - 500, «Қазығұрт»-200, «Атамекен»-200, «Қапланбек» (ҚР) және Өзбекстанның жапсарлас кеден бекет іқұрылыс кезеңіне толығымен жабылған).