Date of publication: 23.05.2023 14:20
Date of changing: 23.05.2023 14:21

Кедендік бақылау барысында Алматы қаласы бойынша МКД "Жетісу" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласы бойынша Экономикалық  тергеу департаментіне және ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қазақстан Республикасының аумағынан ҚР Үкіметінің 2021.06.10 № 396 қаулысымен бекітілген адам денсаулығына зиянды әсер ететін препараттарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Бұл дәрілік препараттар салмағы 92,5 кг 2923 пакет мөлшеріндегі  биологиялық белсенді қоспа ретінде мәлімделген.  

Сонымен қатар, кедендік сараптаманың нәтижесінде мәлімделген биологиялық белсенді қоспалар таблеткалар мен ампулалар түрінде оралған, ҚР аумағында экспорты мен импорты шектеулі болып табылатын күшті анаболикалық стероидтер екені анықталды.  

Осы факті бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тыйым салынған және тасымалдауы шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың өткізілуіне тұрақты негізде бақылау жүргізетінін еске салады.