Date of publication: 20.05.2023 18:29
Date of changing: 20.05.2023 18:29

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба), орталықсыздандыру бойынша шаралар жүзеге асыруына байланысты, 2023 жылғы 16 наурыздағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік реформаларының сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалары актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру үшін жобаланған.

Осыған байланысты, ҚР Қаржы министрлігіне 2001 жылғы 21 тамыздағы  «Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы» № 1092 ҚР Үкімет қаулысын және оған енгізілген өзгерістерді, күші жойылды деп тануға аталған жобасын дайындауға тапсырылған.

Көрсетілген Жобаның мақсаты үкімет деңгейінен уәкілетті органға функцияларды беру бөлігінде мемлекеттік басқару деңгейлер арасында өкілеттіктерді орталықсыздандыруына байланысты, көрсетілген нормативтық құқықтық актісін және оған енгізілген өзгерістерді күші жойылды деп тану.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14568373 2023 жылғы 18 мамыранда орналастырылған.