Date of publication: 03.05.2023 14:23
Date of changing: 03.05.2023 14:24

   2023 жылғы 17-28 сәуір аралығында Оқу – әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) 1 (бір) жылға дейінгі жұмыс өтілі бар және кәсіби даярлау курстарынан өтпеген мемлекеттік кірістер органдарына алғашқы рет қабылданған қызметкерлер үшін қашықтықтан кәсіби даярлау курсын өткізді.

         Іс – шараның мақсаты - салық пен кедендік және өзге де әкімшілендіру саласында мемлекеттік кірістер органдарының алғаш қабылданған             қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.   

        Курсқа тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

        Қашықтықтан оқыту курсында қатысушылар бағдарламаға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ басқа да заңнамалар  бойынша 22 тақырыпты зерделеді.

       Дәріскерлер ретінде ОӘО оқытушылар құрамы қатысты.

      Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде курс тыңдаушылары кәсіби даярлау бойынша қорытынды білім деңгейін анықтады.

      Қорытындысында 158 қатысушыға курсты табысты аяқтағаны туралы электронды куәліктер жолданады.