Date of publication: 28.11.2016 18:43
Date of changing: 28.11.2016 18:45

   «Алкоголь өнімдерін қайта таңбалаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкімет қаулысына сәйкес 2015 ж. 23 мамыр енгізілген, ЕБМ 2016 ж. 1 мамырға дейін таңбалау мүмкіндігімен, 2016 ж. 1 қаңтардан енгізілген, жаңа үлгідегі есептік-бақылау маркаларымен, сыра және ішімдіктерді қоспағанда,  2017 ж. 1 мамыр мерзіміне дейін алкоголь өнімдеріне қайта таңбалауды жүзеге асыру қажет.

    Демек, 2017 ж. 1 мамырынан ескі үлгідегі есептік-бақылау маркаларымен алкоголь өнімдерін бөлшекті, көтерме, сақтау, тасымалдауды іске асыруға тыйым салынады.

     Осы талапты бұзған үшін ӘҚБтК 283 б. 2 б. сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған –  акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

   Бөлшекті және көтерме желідегі ескі үлгідегі ЕБМ таңбаланған, алкоголь өнімінің бары, ӘҚБтК 283 б. 2 б. талаптарын бұзушылық болып табылады.
       ӘҚБ импортшылар және өндірушілер қайта таңбалауды жүзеге асыра алады.

    Бөлшекті және көтерме жүзеге асырушыларда (импортшылар болып табылмайтын) осындай мүмкіндіктері жоқ.

    Ағымдағы кезеңнен осы субъектілерге қайта таңбалауды жүзеге асыру мақсатында жеткізушілерге өзінің өнімдерін қайтаруды жүзеге асыру 2017 ж. 1 ақпан мерзіміне дейін ұсынамыз 2017 ж. 1 мамырға дейін ексі ЕБМ өнімді толық сатуға жоспарланған іске асыру мүмкіндік бермеген жағдайда және іске асыру мөлшерлерін есептеумен қалдықтарға түгендеу жүргізу қажет.

     Егер жеткізуші өндіруші немесе импортшы болмаған жағдайда, осы мақсат үшін өзінің жеткізушісіне өнім қайтарылады.

  Қайтарылған алкоголь өнімдерінің қалдықтарына қайта түгендеуді уақытылы жүргізу мақсатында ҚР банкноттық фабрикаға жолданатын жаңа үлгідегі ЕБМ алуға және дайындауға жиынтық сұранымға өндірушілер және импортшылармен түгендеу жүргізу ескі ЕБМ қалған өнімдерді енгізу үшін қажет.