Date of publication: 16.01.2023 17:41
Date of changing: 16.01.2023 17:42

    «Салық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 96-бабына енгізілген өзгерістерге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар туралы хабарлама, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысандарын сәйкес келтіру, сондай-ақ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, Салық кодексінің 132-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес ірі салық төлеушілердің мониторингі шеңберінде талап ету, хабарлама және уәжді шешім нысандарын бекіту мақсатында әзірленді.

        Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

        Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында http://legalacts.egov.kz 2023 жылғы 13 қантарға орналастырылған.

       Жобаны жария талқылауды жүргізу мерзімі – 2023 жылғы 27 қантарға дейін.