Date of publication: 30.12.2022 11:48
Date of changing: 30.12.2022 11:48

Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ сервистік модельге көшу шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында 2022 жылғы 30 желтоқсанда Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі негізгі міндеттері мен функцияларды және Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бизнес мүдделерін қорғау жөніндегі басымдылықтарды орындауын назарға ала отырып, бизнесті дамытудың негізгі тәсілдеріне бағдарланған тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттемелерді түбегейлі қайта қарау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар 2023 жылдың 1 наурызына дейін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарға қатысты түбегейлі оңайлату бойынша ұсыныстарды әзірлеуге міндеттеледі. Бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуге міндетті қатысушылардың саны едәуір қысқарады деп күтілуде.