Date of publication: 27.12.2022 15:34
Date of changing: 27.12.2022 15:35

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне операциялық, басқарушылық процестерді жақсартуға жәрдемдесу мақсатында, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі, ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының ресми сұрау салуы бойынша 2022 жылғы 19-23 желтоқсаннан бастап мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері үшін іс жүргізу, мобилография және өтпелі талдау бойынша оқу семинарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетті.

Осы оқыту іс-шарасын өткізу кезінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін қажеттілік туындады және өзінің лауазымдық міндеттерін толық орындауға мүмкіндік бермейтін деректерді өңдеуге және ұсынуға байланысты құзыреттердегі олқылықтарды анықтауға бағытталған. Бұдан басқа, аталған оқыту іс-шарасы құжаттанрмен жұмыс істеу, құжат айналымы, құжаттарды мемлекеттік тілде сақтау және пайдалану саласындағы олардың біліктілік деңгейін айтарлықтай жақсартуға бағытталған. Оқыту іс-шарасының қорытындысы бойынша қызметкерлер арасында Комитет қызметкерлерінің біліктілік деңгейлеріндегі айырмашылық нивелирленді, ал олар меңгерген дағдылар оларға атқаратын функционалдық міндеттерінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, оқыту семинарына қатысушылар қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыру үшін алған білімдері мен дағдыларын жергілікті жерлерде беруі тиіс.

Оқыту семинарына Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының (бақылау, цифрландыру және баспасөз қызметі департаменті) және Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің әртүрлі басқармаларының 43 қызметкері қатысты.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу бағыты бойынша оқыту семинарының лекторы мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, тілдік құзыреттілік кабинетінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – Туленбергенова Назигуль Тұрысбековна болды.

Мобилография бағыты бойынша жаттықтырушы Ілияс Қабылбекұлы болды.

Өтпелі талдау бойынша жаттықтырушы мемлекеттік басқару академиясының лекторы Серік Асетович Джумабаев.

Сонымен қатар, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығына оқыту семинарларын өткізуде тұрақты негізде жәрдем көрсететінін және шекара қауіпсіздігі және Қазақстандағы шекараларды кешенді басқару саласындағы түрлі бағыттар бойынша оқу семинарларын ұйымдастыруда қаржылық қолдау көрсететінін атап өткім келеді.