Date of publication: 26.12.2022 08:43
Date of changing: 26.12.2022 08:43

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде ағаш материалдарын әкетуге салынған тыйым туралы хабардар етті.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 7-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) техникалық реттеу шараларын сақтауды қамтитын тыйымдар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік рәсімдермен орналастырылады.

«Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан 4401, 4403, 4404, 4406, 4407 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен жіктелетін және Қазақстан Республикасынан шыққан ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынғаны айқындалды.

Сондай-ақ «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 690 бұйрығымен ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген (бұйрық 2022 жылғы 9 желтоқсанда күшіне енді және 2023 жылғы 9 маусымға дейін қолданылады).

Бұрын  осыған ұқсас бұйрықтар қолданылған:

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028404http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022308

Бұл ретте сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары «Атамекен» ҰКП-ның аумақтық бөлімшелері беретін тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі қағидаларға сәйкес шыққан елін растай отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаштан жасалған бұйымдарды (тыйым салуға жатпайтын) әкетуді жүзеге асырылады.