Date of publication: 22.12.2022 08:33
Date of changing: 22.12.2022 08:33

«Бір терезе» қағидаты бойынша интеграцияланған кедендік бақылауды енгізу жоспарлануда (2023 жылғы шілде). Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте хабарлады.

Кеден саласын одан әрі жаңғырту келесі екі бағыт бойынша дамуда.

Бірінші. Ахуалдық орталық пен Мемлекеттік кірістер комитетінің Электрондық декларациялау орталығын біріктіру жолымен Бас диспетчерлік басқарма құрылды.

Басқармада шекарадан кесіп өтуді бақылауға және автоматтандырылған мониторингке шоғырландырылған, адам факторы жойылған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылған.

Болашақта біз инспектордың ИТК суреттерін тану тәжірибесінен алшақтаймыз және жоғарыда айтқанымыздай, біз жасанды интеллект бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданамыз.

Екінші. ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында өткізу пункттерін (9 авто және 1 т/ж) құру және реконструкциялау арқылы кедендік инфрақұрылымды жаңғырту жүргізілуде:

* СЭҚ-қа қатысушылардың қаржылық шығындарын азайту және елдегі бизнес-ахуалды жақсарту

• өткізу мүмкіндігін 8 есеге дейін арттыру (тәулігіне 1000-нан 8 400 КҚ), шекарадан өту уақытын қысқарту (2 сағаттан 25 минутқа дейін)

* транзиттік әлеуетті дамыту және кедендік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету.

Өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін жоспарлы түрде енгіземіз.