Date of publication: 15.12.2022 17:49
Date of changing: 15.12.2022 17:49

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекеттік кірістер комитетінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша 18 номинация бойынша "Үздік салық төлеуші" және "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысын" марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік билік органдарының  кәсіпкерлік субъектілерімен әріптестік қатынастарды қолдау болып табылады.

Сонымен қатар, экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс істейтін адал салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жетістіктерін, бизнесті адал және ашық жүргізіп отырғанына мақтау айту, Қазақстанның экономикалық өсуінде кәсіпкерліктің дамуының маңыздылығын атап өту.

Жеңімпаздарға номинациялар мен алғыс хаттарды мемлекеттік органдардың, аэроғарыш комитетінің, күш құрылымдарының, өртке қарсы қызметтің басшылары, ардагерлер, елімізге еңбегі сіңген медицина, білім беру, мәдениет, медиа және өнер қайраткерлері табыстады. Олардың ішінде Алданыш Нұрымов, Багира Ходжабергенова, Мейір Байнеш, Жәмиля Жарқымбаева, Кеңес Нұрланов, Серік Ақшолақов, Айман Байжуманова, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Дания Уркимбаева, Нұрлан Сақуов, Михаил Коломин, Татьяна Тюлекбаева, Гүлшара Дүйсенова, Марат Елеусінов, Құрмаш Махан, Медет Салықов, Гүлназия Байулова, Олжас Мырзағалиев, Дамир Дженалаев, Қуандық Қыстықбаев, Максим Барышев, Айжан Балакешова және тағы басқалар болды.

Жеңімпаздар тізімі:

1. «Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі», номинациясында «Дара кәсіпкер Тютебаев М.У.» (Ақмола облысы), стоматологиялық қызмет көрсету;

2. «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі-құрылыс» номинациясында «Трестшахтспецстрой» ЖШС (Ақтөбе облысы), өзге де инженерлік құрылыстардың құрылысы;

3. «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» номинациясында «АУЕС» өндірістік кооперативі (Түркістан облысы), ұн өндірісі;

4. «Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі» номинациясында «БЕК Кровля» дара кәсіпкері, Иманалиев Б.М (Жамбыл облысы),  аппараттық құралдар, бояу материалдары мен шыныны арнайы дүкендерде сату;

5. «Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясынды «Тенгизшевройл» ЖШС (Атырау облысы), шикі мұнай және ілеспе газ өндіру;

6. «Салық салудың жалпыға ортақ режимі» номинациясында «Рем.Пассажир вагон» өндіріс кооперативі (Қызылорда облысы), сервистік қызмет;

7. «Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі» номинациясында «Байболат» шаруа қожалығы, Изтурова Т.С. (Маңғыстау облысы), мал шаруашылығы;

  1. «Мониторнгтегі ірі салық төлеуші» номинациясында «Ақсайгазсервис акционерлік қоғамы, (Батыс Қазақстан облысы), басқа машиналар мен арнайы құрылғыларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету; 

9. «Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі" номинациясында «Розумович Дмитрий Васильевич» шаруа қожалығы (Қостанай облысы), дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру;

     10. «Шетелдік компания» номинациясында «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В» компаниясының Атырау филиалы, шикі мұнай және ілеспе газ өндіру;

     11. «Жалпы белгіленген салық салу режимі-өндіріс» номинациясы, «AirBest» ЖШС (Қарағанды облысы), механикалық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

     12. «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі-байланыс және көлік» номинациясы, «ENEGIX» ЖШС (Павлодар облысы), деректерді орналастыру және өңдеу жөніндегі қызметтер;

     13. «Акциздер» номинациясы,  «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС, (Алматы облысы), темекі өнімдерін өндіру;

     14. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі» номинациясы, «Камышинское» шаруа қожалығы, Акулов В.И, (Шығыс-Қазақстан облысы), дәнді және бұршақ дақылдарын өсіру;

     15. «Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі» номинациясы, жеке кәсіпкер Гайфулин В.Р., (Солтүстік Қазақстан облысы), мамандандырылған дүкендердегі өзге де бөлшек сауда;

     16. «Салық салудың жалпыға бірдей  режимі – құрылыс» номинациясы, «Үш-сай» ЖШС, (Шымкент қаласы), сумен жабдықтау жүйелері үшін құбыр салу;

     17. «Салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі-қызметтері» номинациясы, «Хьюлетт – Паккард (К)» ЖШС (Алматы қаласы), өзге де жеке қызметтерді ұсыну;

     18. «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – сауда» номинациясы, «Қазақстан Республикасындағы қауіпсіз ақпараттық аймақ» ЖШҚ филиалы (Астана қаласы), тауарлардың кең ассортиментімен көтерме сауда.

      Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

     "Үздік салық төлеуші" және "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" номаницияларының жеңімпаздарына арналған ролик:  https://youtu.be/fbUjkrPL604

    Салығын уақытылы төлеп отырған салық төлеушілерге рахмет:

     https://youtu.be/VBw7dBJ3vFU