Date of publication: 30.11.2022 08:33
Date of changing: 30.11.2022 08:33

2022 жылғы 25 қараша күні "Ауежай-Ақтөбе" кеден бекетінінің қызметкерлерімен ҚР ҰҚК "Ақтөбе" шекара қызметі (авиациялық) бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Ақтөбе-Дубай» авиарейсімен ұшып шығатын жолаушыларды кедендік және шекаралық бақылау нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматшасында 50 000 (елу мың) АҚШ доллары сомасында мәлімделмеген шетел валютасы анықталды, әрқайсысы 100 долларлық валюта кедендік бақылаудан жасырылған.

Осы факті бойынша құқық бұзушыға әкімшілік жазалау шаралары қолданылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген  және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.