Date of publication: 28.11.2022 15:19
Date of changing: 28.11.2022 15:20

 Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 34 бажсыз сауда дүкендері тізілімге енген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

       2022 жылғы 28 қарашадан бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

       Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.  

       Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

       Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкері Тұрлыбеков Олжас Мұхтарбекұлы  байланыс деректері 8 (7172) 7182-82, o.turlybekov@kgd.gov.kz. арқылы хабарласуға болады.