Date of publication: 24.11.2022 09:00
Date of changing: 24.11.2022 09:00

 Қытай шекарасында, бүгінде пандемияға байланысты көлік құралдарын өткізу әлі де шектеулі, осыған байланысты жүргізушілер өз кезегін апталап күтеді.

       Өткізу пункттерінде техникалық бақылау құралдары жабдықтарының 70%-дан астамы ескірген (ИДК, рентген аппараттары, таразы жабдықтары), инфрақұрылымның өзі өсіп келе жатқан ағынның біркелкі және жедел өткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

      Өзбекстан Республикасы да өткізу пункттерін жаңғыртуды жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айта кету керек, сол үшін екі Үкімет арасында өткізу пункттерін, автомобиль жолдарын қайта құру және жаңғырту және Қазақстан-өзбек шекарасындағы іргелес аумақты жайластыру жөніндегі Жол картасына қол қойылды.

     Тараптар өткізу пункттерін бір мезгілде жаңғырту жөніндегі іс-шараларды талқылау бойынша екіжақты кездесулерді тұрақты өткізуде.

     Жүргізілген жаңғыртулардың оң әсерін, көлік ағынының өсуін және төлемдердің түсуін ескере отырып, МКК 2022 жылдан бастап ЕАЭО сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль, 1 теміржол өткізу пунктін және Астана қаласындағы ҚМ МКК Бас диспетчерлік басқармасын жаңғыртуды және техникалық жете жарақтандыруды бастады.

      Барлық 9 автомобиль өткізу пункті бойынша жобалау компаниясы жобалау-сметалық құжаттама әзірледі, мемлекеттік сараптаманың қорытындылары алынды. Әрбір нысанды қайта құрудың жоспарланған мерзімі – 19 ай.

      Қазіргі уақытта «Достық» автомобиль өткізу пунктінің құрылысы және «Достық» теміржол өткізу пунктін техникалық жабдықтау басталды.

      2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Өзбекстан тарапымен келісім бойынша «Қапланбек» (ҚР) және «Зангиота» (ӨР) автомобиль өткізу пункттерін қайта құруды бастау жоспарланып отыр, халықтың тығыз орналасуына және қолайлы жағдайдың болмауына байланысты толық жабылады.

      Қалған өткізу пункттерін қайта жаңартуды жабусыз, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысын шектей отырып, жүргізу жоспарлануда. Барлық өткізу пункттерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

      «Өткізу пункттерін жаңғырту» жобасы «жылдамдық, тиімді бақылау, қауіпсіздік, жайлылық» қағидаттарына негізделген.

      Барлық өткізу пункттері Мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қазақстан азаматтары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағдарланған.

     Жолаушылар терминалдарында, сондай-ақ жүк АКҚ жүргізушілеріне арналған тұрақта халықаралық әуежайларға  ұқсас барлық қажетті жағдайлар (асханалар, дәретханалар, ана мен бала бөлмелері және т.б.) көзделетін болады.

     Өткізу пункттерін қозғалыс ағындарын міндетті физикалық бөлумен (қозғалыс сызықтарын кесіп өтпей), бақылау құралдарын орналастырудың фронтальды сипатымен жабдықтау жоспарлануда.

     Көлік құралдарын өткізудің  барлық циклін автоматтандырумен, көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысына арналған Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздері орнатылатын болады.

     Жобаны іске асыру шеңберінде өткізу қабілетін 8 есеге дейін ұлғайтылатын (тәулігіне 1000-нан 8400 КҚ-ға дейін), уақытты қысқартылатын (2 сағаттан 25 минутқа дейін) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылатын болады.

     Сондай-ақ, ЖАО-мен бірлесіп өткізу пункттерінің алдында тұрақтарды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, "Достық" автомобиль өткізу пунктінің алдында "ҚазАвтоЖол" АҚ 2023 жылы 200 АТС тұрақ салу жоспарлануда.