Date of publication: 23.11.2022 17:14
Date of changing: 23.11.2022 17:15

    2018 жылы Қазақстан-Қытай шекарасында мемлекет пен жеке әріптестік (ГЧП) механизмі арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінде орналасқан жаңа «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді.

     Өткізу пункті Орта Азиядағы ең ірі және технологиялық жағынан озық болып табылады.

     Пункт жұмыс күні 2,5 мың көлік құралын және 15 мың жеке тұлғаны жұмыс күндері қозғалыстың екі бағытында, оның ішінде жүк көлік құралдары – 2 200 бірлік, жолаушылар көлік құралдары (автобустар мен жеңіл автомобильдер) – 300 бірлік тасымалдауды көздейді.

     Өткізу пункті жұмыс істеген уақыт ішінде 209 432-ден астам (2018 жылғы қазаннан 2022 жылғы қазанға дейін) көлік құралдары өтті, 223 356 млн.теңгеден астам кедендік баждар мен салықтар түсті. Ескі «Қорғас» өткізу пунктімен салыстырғанда 4 жыл ішінде (127 264 АКҚ және 40 864 млн.тг. КТменС) көлік саны 1,6 есе өсті, төлемдер түсімі 546,6%-ға өсті.