Date of publication: 23.11.2022 09:32
Date of changing: 23.11.2022 09:33

Бүгін, 2022 жылдың 22 қарашасында, Астана қаласында Мемлекет басшысының жаңа салық саясатының бағдарламасын қолдау  мақсатында Салық форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Налоги Казахстана» қауымдастығы.

Шараға бизнес-қауымдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Форумның «Салықтық әкімшілендіру» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысып, салықтық әкімшілендіруді жақсарту мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Одан кейін ҚР ҚМ МКК сарапшылары бизнес-қауымдастық өкілдеріне салық салу сұрақтары бойынша кеңес берді.