Date of publication: 21.11.2022 08:36
Date of changing: 21.11.2022 08:36

«Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдер тізбесіне кіретін патогендік биологиялық агенттерді өткізуді бақылауды жүзеге асыру кезінде Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекітуді көздейді.

Мемлекеттік кірістер органдарымен «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бақылауды жүзеге асыру шеңберінде биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды жүргізіледі.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылды.