Date of publication: 21.11.2022 08:35
Date of changing: 21.11.2022 08:35

Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасымен «Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізеді.

Өзгерістер елорданың Астана қаласы болып қайта аталуына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты енгізіледі, осы өзгерістерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне өзгертілді, сондай-ақ өзгерістер редакциялық түзету болып табылады.

Бұйрық жобасы 2022 жылғы 11 қарашада (http://legalacts.egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғанын қосымша атап өтеміз (сілтеме - https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14290509).