Date of publication: 26.10.2022 16:02
Date of changing: 26.10.2022 16:03

Ағымдағы жылдың 21 қазанында, ҚР ҚМ МКК төрағасы Данияр Жаналинов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

          Солтүстік Қазақстан облысында бизнес субъектілерінің саны – 38 933 құрайды.

          Олардың ішінде:

- заңды тұлғалар - 10 601 (оның ішінде АШЖ - 1 123, оның ішінде 89,7% немесе 1 007 арнайы салық режимі бойынша 70% жеңілдікті қолданады).

- жеке кәсіпкерлер - 24 903;

- ШФҚ-3 076оның ішінде арнайы салық режимін қолданатын-бірыңғай жер салығы - 2754 немесе 89,5%;

- адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар - 353.

          Айыртау ауданы облыстың ірі аудандарының қатарында. 2022 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 2,7 млрд. теңге салық төлемдері түсті, болжам 102,6% - ға орындалды, жоспардан тыс 71 млн.теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінен 844 млн. теңгеге артық түсімдер, қарқын-144,2% құрады.

          2019 жылғы 11 қазанның №758 ҚР Үкіметінің қаулысымен Петропавл қаласында "Qyzyljar" АЭА еркін-экономикалық аймағы құрылды. Қазіргі уақытта "Qyzyljar" АЭА қатысушысы ретінде 4 өкіл тіркелді.

          5 жыл ішінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 47,5 млрд.теңгеге (2018 жылғы 54 млрд. теңгеден 2022 жылы 101,5 млрд. теңгеге дейін) немесе екі есеге ұлғайды. Мәселен, 2022 жылдың 9 айында кедендік салықтар мен төлемдер 5,2 млрд теңге түсті, өткен жылдың осы кезеңіндегі түсімдерден үш есе дерлік (+3,3 млрд.), қарқыны 275%.

          ҚР Салық кодексіне сәйкес ардагерлерді, мүгедектерді және көп балалы отбасыларды қоса алғанда, 39 мыңнан астам солтүстік қазақстандықтар көлік, мүлік және жер салығынан босатыла отырып, 87 млн.теңгеден астам сомаға жеңілдіктерді пайдаланды.

          Кездесу соңында Данияр Жаналинов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясына қатысты, сондай-ақ облыс тұрғындарына мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне деген қызығушылығы, цифрландыруды дамыту процесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді.