Date of publication: 04.10.2022 08:38
Date of changing: 04.10.2022 08:38

2022 жылғы 28 қыркүйекте ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Заң басқармасымен бірлесіп «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері: кәсіпкерлік субъектілері, қарау мерзімі, талап қою мерзімі, АП-1 карточкалары» тақырыбында қашықтықтан виртуальдық конференция өткізді.

Іс-шараның мақсаты –  аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері: кәсіпкерлік субъектілері, қарау мерзімі, талап қою мерзімі, АП-1 карточкалары» қолдану принциптеріне, негіздеріне, тәртібіне түсіндіру.

Виртуальдық конференцияның тыңдаушылары ретінде мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің  349 қызметкерлері  қатысты.

Дәріскер ретінде сөз сөйледі:

Ахметов Диас Канатович – Комитеттің Заң басқармасының бас сарапшысы.

Іс-шара жоспарланған бағдарлама аясында сәтті өтті.