Date of publication: 30.09.2022 08:27
Date of changing: 30.09.2022 08:27

«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын жеке тұлғалар қолданады. Бүгінде 1,5 млн. азамат осы қосымшаны пайдалануда.

Қосымша меншік салықтарын (мүлік, жер, көлік салықтары) ыңғайлы төлеу үшін әзірленген.

«E-Salyq Azamat» көмегімен:

- жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 580 мыңға жуық декларация немесе 44%-і табыс етілді;

- 200 млн. теңгеден астам салықтар мен төлемдер төленді.

Мынадай пысықтаулар жоспарлануда:

- чектерді бермегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны үшін шағым беру («Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы);

жеке шоттарды қарау;

- жолаушылардың кедендік декларациясын ұсыну және т.б.

«E-Salyq Вusiness» мобильді қосымшасы  жеке кәсіпкерлер үшін әзірленген. Бүгінде 439 мың жеке кәсіпкер осы қосымшаны пайдалануда.

Қосымшада мынадай функционал жүзеге асырылған:

- ЖК ретінде тіркелудің жеңілдетілген тәртібі;

- салық режимін таңдау немесе өзгерту;

- БКМ қолданбай чек беру және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу;

- әр түрлі анықтамалар алу.

Мынадай пысықтаулар жоспарлануда:

жеңілдетілген декларацияны (910-нысан) алдын ала толтыру сервисін құру;

- такси мен жеткізу қызметтері бойынша интернет-платформалармен интеграциялау.