Жарияланған күні: 21.08.2019 09:08
Өзгертілген күні: 21.08.2019 09:10

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексіне 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы еңгізілген.

         Салық кодексінің 555-бабының 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

         Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (2019 жылға АЕК-2 252 теңге) мөлшерінде айқындалады және төмендегілер құрайды:

         Ойын бизнесі саласындағы қызмет:

         -казино және ойын автоматтары залы үшін- 3 845 АЕК;

         -тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін- 640 АЕК;

         -Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін- 200 АЕК.

         Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметті мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін:

         -астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында - 100 АЕК;

         -басқа да қалалар мен кенттерде - 60 АЕК;

         -ауылдық елді мекендерде - 20 АЕК.

         Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы 4 кезеңге бөлінген, яғни төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

         Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

         Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.

         ҚР Қаржы министрінің 2018 жылдың 5 наурызындағы №336 бұйрығымен жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларға бюджеттік сыныптама коды БСК 105434 белгіленген.

Жамбыл облысы бойынша МКД