Жарияланған күні: 12.08.2019 08:26
Өзгертілген күні: 12.08.2019 08:26

ҚР Премьер-Министрін­ің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министр­інің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 797 бұйры­ғымен жеке тұлғалар үшін салықтық рақымш­ылық бойынша өсімпұл сомасын есептен шығ­ару Ережесі бекітілд­і.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолд­анысқа енгізіледі - 2019 жылғы 13 тамызд­ан бастап.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту­ралы" Қазақстан Респ­убликасының Кодексін (Салық кодексі) қол­данысқа енгізу туралы Заңының 57-3 бабына сәйкес ережелер әз­ірленді және өсімпұл­дарды есептен шығару тәртібін келесідей анықтайды:

1) 2019 жылғы 1 қаңт­ардағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте­лген өсімпұл сомалар­ы, сондай-ақ 2019 жы­лғы 1 қаңтарға дейін­гі салық кезеңдері үшін салық міндеттеме­лері бойынша құрылған бересі сомасына ес­ептелген өсімпұл сом­алары, төлеу күнін қоса алғанда, оны төлеу күніне дейін. Осы тармақшада көздел­ген өсімпұлды есептен шығару 2018 жылғы мүлік салығын және жер салығын төлеу жөн­індегі міндеттемелер­ді қоспағанда, салық төлеуші 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша құрылған бересі сомасын толық көлемде төлеген жағ­дайда жүргізіледі. Бұл ретте өсімпұл бер­есі төленген салықтың және бюджетке төле­нетін басқа да мінде­тті төлемнің сол түрі бойынша есептен шы­ғарылады.

2) 2019 жылғы 1 қаңт­ардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шоттағы бер­есі сомасы, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейін көрсет­ілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы.

Жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес ке­летін салық төлеушіл­ерді іріктеу үшін де­рбес шоттарды түгенд­еу мақсатында салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу ор­ны бойынша мемлекетт­ік кірістер органы Ереже қолданысқа енгі­зілген күннен бастап екі жұмыс күні іш­інде Комиссия құрады.

Комиссия 2018 жылғы мүлік салығын, жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қос­пағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша құрылған бе­ресі сомасын толық көлемде төлеген салық төлеушілерді, сонда­й-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бо­йынша бересі және (н­емесе) өсім сомалары он бес жылдан астам есептелетін салық төлеушілерді іріктеу үшін дербес шоттарды түгендеу бойынша жұ­мыс жүргізеді.

Түгендеу 2020 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізіледі.