Жарияланған күні: 21.09.2017 09:54
Өзгертілген күні: 21.09.2017 09:59
Жеке тұлғалардың мүлкiне, жеріне салынатын  
салықтарының 2017 ж төлеу мерзімі.
 
           Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексіне) 2017 жылда жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық  және жеке тұлғалардан алынатын жер салықтарына  еңгізілген өзгерістері туралы келесіні хабарлайды.
         Салық кодексінің 391 бабының  1,3 тармақ тарымен    409 бабының  1,7  тармақтарына  сәйкес жеке тұлғалардың жер салығының және  жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салығы   бойынша салық органдары салықты есептеуді , есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, ал салық  төлеу мерзімі  есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
          Осыған орай,2017 жылға аталған жеке тұлғалардың салықтары 2018 жылы төленуге тиіс. Бұл өзгерістер бір жыл ішінде мүлік және жер иелері өзгерген жағдайда, салық сомаларын қайта есептеу қажеттілігі болмайтынын хабарлаймыз.