Жарияланған күні: 30.12.2022 11:44
Өзгертілген күні: 30.12.2022 11:44

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ТІЖ рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны жүргізу барысында ЭШФ АЖ-ны пысықтау бойынша келіп түскен ұсыныстар талданады және талдау нәтижесінде тиісті жұмыстар жүргізілгенін хабарлайды.

Тауарларға арналған декларациядан (бұдан әрі – ТД), сондай-ақ импорттық ТІЖ бойынша, барлық тауарларды Виртуалдық қоймаға (бұдан әрі – ВҚ) не ТІЖ рәсімдеу бойынша міндеттемелері бар тауарларды ғана көшіру мүмкіндігін беру бөлігінде ВҚ деректерді қабылдау тетігі әзірленді.

ЭШФ АЖ веб-порталында салық төлеушінің жеке кабинетінде таңдау үшін параметрлерді өзгерту қарастырылған (Параметрлер – ВҚ деректерді қабылдау) :

  • «Барлық тауарларды ТШӨ/ТД бойынша ВҚ көшіру»;
  • «ТІЖ және ЭШФ ресімдеу бойынша міндеттемелері бар тауарларды ВҚ көшіру».

Әдепкі бойынша СТ опциясын таңдағанға дейін, «Барлық тауарларды ТШӨ/ТД бойынша ВҚ көшіру» опциясы орнатылған.

«ТІЖ және ЭШФ ресімдеу бойынша міндеттемелері бар ВҚ көшіру» опциясын таңдаған кезде ВҚ және ТД журналына ауысқан сәттен бастап «ВҚ жүргізу» СЭҚ ТН код белгісі бар тауарлар көшіріледі.

«Барлық тауарларды ВҚ ТШӨ/ТД бойынша көшіру» опциясына ауысқан кезде жүйе ТШӨ және ТД бар барлық тауарларды қалыпты режимде қабылдайды.

Сондай-ақ, «Параметрлер» - «Басқа параметрлер» мәзіріне тауарларды ҚР аумағына әкелу (Импорт) 7.1 белгісі бар импорттық ТІЖ бойынша ВҚ ауыстыру»параметрінің атауы қосылды:

- Импорттық ТІЖ бойынша барлық тауарларды ВҚ көшіру;

- ТІЖ ресімдеу бойынша міндеттемелері бар тауарларды ВҚ көшіру.

 

Әдепкі бойынша СТ таңдалғанға дейін «Барлық тауарларды ВҚ импорттық ТІЖ бойынша көшіру» опциясы орнатылған.

ҚР аумағына тауарды әкелу (Импорт) белгісі бар импорттық ТІЖ-ға ауысқан сәттен бастап «ТІЖ ресімдеу бойынша міндеттемелері бар ВҚ-ға тауарларды көшіру» опциясын таңдағанда, «ВҚ жүргізу» СЭҚ ТН код белгісі бар тауарлар ВҚ-ға көшіріледі.

«Барлық тауарларды көшіру» опциясына ауысқан кезде ВҚ-ға ауысқан сәттен бастап импорттық ТІЖ бойынша барлық тауарларды қалыпты режимде қабылдайды.

Бұл ретте жүйе көрсетілген жағдайларда импорттық ТІЖ-дан тауар позицияларын 328.00 СНҮ-мен салыстыруға мүмкіндік береді.

Режим опциялар бойынша ауысқан жағдайда өзгерістерді сақтау үшін ЭЦҚ арқылы қол қою сұралады.

ЭШФ АЖ да дұрыс жұмыс істеу үшін МКК сілтемесі бойынша ЭШФ АЖ Пайдаланушы нұсқаулығын пайдалануды ұсынамыз https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1 және https://kgd.gov.kz/ru/content/videouroki-1 сілтеме бойынша бейне сабақтар көруге болады.

Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда ЭШФ АЖ қолдау қызметіне жүгіне аласыз esfsd@kgd.minfin.gov.kz, сондай-ақ 8-7172-72-78-72 телефон нөмірі бойынша.