Жарияланған күні: 24.07.2019 11:43
Өзгертілген күні: 24.07.2019 11:44
Тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялдық емес ережелері

2014 жылғы 29- мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімнің 37-бабы 2-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау ережелері (тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялдық емес ережелері) бекітілген. Аталған қағидалар 2019 жылғы 12 қаңтардаң бастап күшіне енді, 2010 жылғы 1- шілдеден бастап қолданыста болған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Келісіммен бекітілген Тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережелері аталған Ереже күшіне енген сәтінен бастап сәйкесінше күшін жойды.

Тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялдық емес ережелері кедендік мақсатта қолдануға арналған (мәселен, арнайы, демпингке қарсы баждарды қолдану үшін, әкелуге тиім салынған тауарлар қатысты және т.б.) және тарифтік преференциялар ұсыну үшін қолданылмайды.
Тауарлардың шығарылуын айқындау ережелері 2008 жылғы 25 қаңтардағы Келісімнің ережелері негізінде дайындалған, сондықтан тауарлардың шығарылуын айқындау бойынша талаптар елеулі түрде өзгерілген жоқ. Алайда, тауарлардың шығарылуын растау барысына ықпал етуі мүмкін бірқатар өзгерістерге назар аудару қажет.
Жаңа Ережелерге сәйкес, тауарлардың шығарылуын айқындау, негізгі критерийлердің орындалуын растау жолымен  жүзеге асырылуы мүмкін: жекелеп айтсақ: СЭҚ ТН сыныптау коды кез келген алғашқы төрт белгінің деңгейінде өзгеруі, адвалорлық үлес ережелері қолданылады (ЕЭК 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімімен дайын тауар құнында шетелдік тауар үлесінің 50 %-дан аспайтыны туралы ереже бекітілген).
Қазір қолданыстағы Ереженің 25-тармағына ерекше назар аудару қажет, оған сәйкес 2014 жылғы 29- мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімде көзделген тауардың шығарылуымен шарттастырылған ішкі нарықты қорғау шараларын қолданған жағдайда, бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша Одақтың кедендік аумағына бір жөнелтушіден бір алушының мекенжайына әкелінетін және жалпы кедендік құны 150 АҚШ долларына баламалы сомадан асатын ұқсас тауарлардың шығарылуы, тауардың шығарылуы туралы сертификатпен расталады.