Жарияланған күні: 13.08.2019 14:32
Өзгертілген күні: 13.08.2019 14:33

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ағымдағы жылдың  шілде айынан бастап, қазақ-өзбек шекарасында орналасқан «Б.Қонысбаев» кеден бекетін қайта құру (құрылыс) жұмыстарының басталуына байланысты жүк автокөліктерін өткізуге шектеу қойылып,  баяу жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 Құрметті СЭҚ қатысушылар және тасымалдаушылар! Уақытша қолайсыз жағдайға кешірім сұрай отырып, «Б.Қонысбаев» кеден бекеті алдында автокөлік құралдарының жинақталуын, кезек күттіруді болдырмау және уақыттарыңызды үнемдеу мақсатында, Сіздерге Түркістан облысындағы «Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт» және сонымен қатар Маңғыстау облысындағы «Тәжен» кеден бекеттері шекарасы арқылы өтуге кеңес береміз.

Жамбыл облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті