Жарияланған күні: 27.12.2022 15:31
Өзгертілген күні: 27.12.2022 15:31

Қаржы министрлігі ағымдағы жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен салықтық және кедендік реттеу мәселелері бойынша реттеушілік актілерге талдау (қайта қарау) жүргізу үшін кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – ЖТ) ЖТ мүшелері ұсынған талаптарға талдау нәтижелерін қарау бойынша: «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы», «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы», «Трансферттік баға белгілеу туралы», «Оңалту және банкроттық туралы» 205 талап анықталды, олардың 7-сі өзгертулерді және 1 күшін жоюды талап етеді. Оларды іске асыруға әзірленген 64 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бойынша-1521 талап анықталды, оның ішінде 4 талап өзгерістер енгізуді талап етеді және 19 талаптың күшін жою талап етіледі. НҚА-ға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексте (Салық кодексі) кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын 5369 міндетті талаптар анықталды, оның ішінде ЖТ мүшелерінің бағалауы бойынша – талап өзгерістер енгізуді талап етеді.

Нормативтік құқықтық актілер (НҚА) бойынша Салық кодексін іске асыруға 7 781 талап анықталды, оның 2-сі өзгерістер енгізуді талап етеді және 4-і күшін жоюды талап етеді. 11 талап бойынша келіспеушіліктер бар. Келіспеушіліктер хаттамасы қарау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша ЖТ мүшелері өзгертулерді не күшін жоюды талап ететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын 238 міндетті талап анықталған жоқ.