Жарияланған күні: 29.12.2022 09:14
Өзгертілген күні: 29.12.2022 09:14

"Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасында салық төлеушілер үшін 2023 жылғы салық күнтізбесіндегі маңызды күндерді еске салу үшін хабарламалар жіберілді. Яғни салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімдері туралы еске салында.

Егер салық төлеуші хабарламаларды алуға жазылған болса (Параметрлер > хабарламаларды жіберуге жазылу > салық күнтізбесінің оқиғалары), хабарламалар салық төлеуші көрсеткен электрондық мекенжайға түседі.

Бұл хабарламалар тек ақпараттық сипатқа ие. Қажет болса, салық күнтізбесі оқиғаларының хабарламаларын алуға жазылудан бас тартуға болады.