Жарияланған күні: 08.02.2024 11:07
Өзгертілген күні: 08.02.2024 11:08

«Салық төлеушілердің тиісті салықтық сақтық танытуы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрықтың жобасын  (бұдан әрі- Жоба) әзірледі.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы https://kyc.kz/ интернет-ресурсында орналастырған БӘТ АЖ деректерін салықтық әкімшілендіруде қолдануды сынақтан өткізу, салық төлеушілер-сатып алушылардың салық төлеушілер-өнім берушілердің сенімділігі мен адалдығын тексеру бойынша тиісті салықтық сақтық танытуы болып табылады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Осы бұйрық 2024 жылғы 22 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14901930.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 5 ақпанына дейін.