Жарияланған күні: 22.09.2017 11:47
Өзгертілген күні: 22.09.2017 11:48
Салық  төлеушілер  назарына !!!
 
         ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының ұсыныстары бойынша жаңа Салық кодексі жобасының нормаларын түсіндіру жөнінде Шымкент қаласында  көшпелі аймақтық семинар өткізеді.
         Аталған семинар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты қызметкерлері, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары А.Қыпшақов, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының өкілдері және МКК-нің бір топ лауазымды қызметкерлері қатысуымен Қазақстан Республикасының 3 облыстың салық төлеушілеріне арнайы  ұйымдастырылған.
         Семинардың  негізгі  тақырыптары:
  1. Салық кодексінің жобасына қолданған жаңа тәсілдер туралы;
  2. Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру;
  3. Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, қосымша баяндамалар (агроөнеркәсіптік кешені, шағын бизнес субъектілері, жер қойнауын пайдалану);
  4. Сұрақ-жауаптар.
 
 
    Барлығыңызды семинарға қатысуға шақырамыз
 
            Семинардың өтетін уақыты және мекен-жайы:
6 қазан 2017 жыл сағат 10-00
Шымкент қаласы. Нұртас шағын аудан. Астана даңғылы №6
Ж.Шанин атындағы облыстық драма театры ғимараты