Жарияланған күні: 02.05.2023 09:07
Өзгертілген күні: 02.05.2023 09:08

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының м.а. – Қаржы министрі м.а. бұйрық (бұдан әрі – Бұйрық) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасын бекітуді көздейді.

Мемлекеттік кірістер органдарымен «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады.