Жарияланған күні: 29.09.2022 14:36
Өзгертілген күні: 29.09.2022 14:37

  2022 жылғы 24 қыркүйекте Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кеден комитеті Төрағаларының кезекті кездесуі өтті, отырыс барысында пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

     Осылайша, Тараптар неғұрлым басым өткізу пункттері үшін қайта құрылуын айқындап, 2022 – 2024 жылдары Қазақстан-Өзбекстан учаскесінде автомобиль өткізу пункттерін қайта құру туралы келісімге келді.

    Сондай-ақ, Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісімнің жобасын дайындады.

    Кездесу барысында тараптар 2022 жылғы «15»желтоқсаннан бастап тұрақты негізде транзиттік жүктер туралы алдын ала ақпаратпен алмасу жүйесін іске қосу туралы келісті.

    Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша, Тараптар кеден ісі мәселелері бойынша өзара іс – қимылдың басым бағыттарын айқындап, 2023-2024 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспарына («Жол картасы») қол қойды.

    Қорытындылай келе, Тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтері өкілдерінің екіжақты кездесулерін өткізу тәжірибесін жалғастыруға келісті.