Жарияланған күні: 25.10.2023 23:25
Өзгертілген күні: 25.10.2023 23:26

2023 жылғы 24 қазанда Мемлекеттік кірістер комитетінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, мемлекеттік кірістер органдары ұжымының жоғары көрсеткіштерін атап өтті.

Іс-шара Мемлекеттік Әнұраннан және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандардың ант қабылдауынан басталды.

Салтанатты шара барысында Республика күні қарсаңында өткізілген флешмобтың бейнероликтері ұсынылды.

Мемлекеттік Әнұранды орындау бойынша конкурстың қорытындысымен жеңімпаздар жарияланды:

1-ші орын - Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;

2-ші орын - Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;

3-ші орын - Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. иеленді.