Жарияланған күні: 15.01.2018 16:24
Өзгертілген күні: 02.04.2018 16:31
Құрметті салық төлеушілер!
 
     ҚР 2011 жылдың 20 шілдесіндегі  «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 19 бабының 3 тармағына сәйкес
     Мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 ж. 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2019 ж. 1 қаңтардан бастап 1) тармақша қолданысқа енгізіледі
1) мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер - резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.
     Өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған мұнай өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектісінен мұнай өнімдерін құю эстакадаларынан өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер осындай мұнай өнімдерін мұнай берушінің автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не резервуарына немесе автожанармай құю станциясына айдау, тасымалдау процесінде мұнай өнімдерін өндірушінің есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткізеді.
     Импорттаушылар, сондай-ақ өздеріне тиесілі шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеуі нәтижесінде алған мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушілер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резервуарлардан және (немесе) автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін есепке алатын бақылау аспаптарынан міндетті түрде өткізе отырып, мұнай өнімдерін өткізуді;
     Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау, сондай-ақ айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.
    Астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
   2) мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы жеткізушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер - автожанармай құю станцияларының (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда) есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.
   Мазутты мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, оны өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау мен айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.