Жарияланған күні: 02.05.2023 09:03
Өзгертілген күні: 02.05.2023 09:03

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысына өзгертістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 7-бабының 4) тармақшасына, 9-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 26-бабының 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына, 27-бабының  3-тармағына, 28-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 5-тармағының 2) және 5) тармақшаларына сәйкес, «Қазақстан республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 2-бабының 2-тармағының 13) тармақшасына және 12-бабының 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықтың 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келтіру, және оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік органға жаңа өкілеттіктер беру көзделген, мемлекеттік органның өкілеттіктерін кеңейту (тарылту) және (немесе) алып тастау болып табылады.